
Іс-шараға Жарқайың аудандық мәслихаттың төрағасы Асылхан Әлжанов қатысты.
31-ші аудандық «Денсаулық – 2026» қысқы спартакиадасының алауын жағу құрметі жазғы Президенттік көпсайыс бойынша КСРО спорт шеберлігіне кандидат, жазғы полиатлон бойынша Қазақстан Кубогының күміс жүлдегері, Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері, жазғы және қысқы көпсайыс бойынша Ақмола облысының бірнеше дүркін чемпионы Людмила Семеновна Шварневаға берілді.
Жалпыкомандалық есеп бойынша:
І орын – Львов ауылы
ІІ орын – Пятигор ауылы
ІІІ орын – Тасөткел ауылы
Қысқы спартакиада жоғары деңгейде ұйымдастырылып, спортшылар өз шеберліктері мен ұйымшылдығын айқын көрсетті.