ардагерлердің үйлеріне барып, көрсеткен ерлігі мен қайсарлығы үшін алғыс білдіріп, алғыс хаттар мен сыйлықтар табыстады.

ардагерлердің үйлеріне барып, көрсеткен ерлігі мен қайсарлығы үшін алғыс білдіріп, алғыс хаттар мен сыйлықтар табыстады.

Жарқайың аудандық мәслихатының депутаттары Г.Смағұлова, Б.Айтпаева, Ш.Карин Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылған күніне орай жауынгер-интернационалистермен жеке кездесулер өткізді.

Халық қалаулылары ардагерлердің үйлеріне барып, көрсеткен ерлігі мен қайсарлығы үшін алғыс білдіріп, алғыс хаттар мен сыйлықтар табыстады. Жылы, бейресми жағдайда депутаттар ардагерлердің денсаулық жағдайын, тұрмыс-тіршілігін сұрап, өзекті мәселелерін талқылады.

Кездесу барысында ауған соғысы ардагерлерінің ерлігі әрдайым шынайы патриотизм мен әскери борышқа адалдықтың үлгісі болып қала беретіні атап өтілді. Депутаттар ардагерлерге және олардың отбасыларына қамқорлық жасау әлеуметтік саясаттың маңызды бағыты екенін және тұрақты бақылауда екенін жеткізді.

Ардагерлер өз кезегінде қызмет еткен жылдарын еске алып, көрсетілген құрмет пен қолдау үшін алғыстарын білдірді.

Осындай жеке құттықтаулар абыроймен әскери борышын өтеген жандарға деген құрмет пен ризашылықтың белгісі ретінде қалыптасқан игі дәстүрге айналды.