
Жарқайың ауданында Төтенше жағдайлар бөлімі мен №12 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлерінің қатысуымен диалог алаңы ұйымдастырылып, 2026 жылғы 15 наурызда өтетін республикалық референдум және жаңа Конституция жобасы талқыланды. Кездесу барысында Жарқайың аудандық мәслихатының төрағасы Асылхан Әлжанов және «Amanat» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Айбек Силеухадыр Конституцияға енгізілетін өзгерістердің мәні мен маңызын, сондай-ақ заң үстемдігі қағидаттарын дамытуға бағытталған конституциялық реформалардың негізгі ережелерін түсіндірді.