
«Amanat» партиясының аумақтық филиалында Қазақстан Республикасы Жаңа Конституциясының жобасын түсіндіруге арналған депутаттық фракцияның отырысы өтті.
Отырыс жұмысына Жарқайың аудандық мәслихатының депутаттары, Жарқайың аудандық мәслихатының төрағасы Асылхан Әлжанов, сондай-ақ «Amanat» партиясының аудандық филиалының атқарушы хатшысы қатысты.
Кездесу барысында мемлекеттің конституциялық негіздерін нығайтуға, демократиялық институттарды дамытуға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын кеңейтуге бағытталған Жаңа Конституция жобасының негізгі ережелері қаралды. Қатысушылар ұсынылып отырған өзгерістерді және олардың ел мен өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін маңызын талқылады.
Сондай-ақ халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу мәселелеріне және депутаттық корпустың конституциялық реформалардың мәні мен маңызын азаматтарға жеткізудегі рөліне ерекше назар аударылды.
Отырыс қорытындысы бойынша Жаңа Конституция жобасын қоғамдық талқылау бағытындағы жүйелі жұмысты жалғастыру қажеттігі атап өтілді.