«Азаматтардың құқықтарын қорғау: жаңа конституциялық тетіктер» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

«Азаматтардың құқықтарын қорғау: жаңа конституциялық тетіктер» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Жарқайың аудандық ауруханасында «Азаматтардың құқықтарын қорғау: жаңа конституциялық тетіктер» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шара аясында Жарқайың ауданы әкімінің орынбасары Арай Абенова, Жарқайың аудандық мәслихатының төрағасы Асылхан Әлжанов және «Amanat» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Сілеухадир А. бірлесіп, жобаның негізгі ережелеріне қатысты түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кездесу қатысушыларына пациенттердің құқықтарын қорғау кепілдіктерін күшейтуге және медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға бағытталған конституциялық реформалардың негізгі қағидаттары жан-жақты түсіндірілді.