
Аудандық мәслихат депутаты Айтпаева Бибігүл Балалар шығармашылығы үйі мен Балалар музыка мектебінің ұжымдарымен кездесу өткізді. Кездесу барысында Конституция жобасының мазмұны түсіндіріліп, негізгі өзгерістер мен олардың қоғам мен мемлекет үшін маңызы атап өтілді. Іс-шара аясында қатысушылар өз пікірлерін білдіріп, көкейде жүрген сұрақтарын қойды. Депутат тарапынан Конституция жобасының өзекті тұстарына жан-жақты түсініктемелер берілді. Мұндай кездесулер халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған.