
Аудандық мәслихаттың төрағасы А. Әлжанов аудандық мәслихат аппаратының ұжымымен кездесу өткізіп, Конституция жобасына енгізілетін негізгі өзгерістер мен толықтырулар бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында Конституция жобасының негізгі бағыттары, оның қоғамдық-саяси маңызы, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен міндеттеріне қатысты жаңашылдықтар жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар, аппарат ұжымы тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар беріліп, ұсыныс-пікірлер тыңдалды. Мұндай кездесулер мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәдениетін арттыруға және маңызды мемлекеттік бастамаларды кеңінен түсіндіруге бағытталған.