Аудандық “Мұғалім-2026” спартакиадасы аясында волейбол жарысы өтті.

Аудандық “Мұғалім-2026” спартакиадасы аясында волейбол жарысы өтті.

Аудандық “Мұғалім-2026” спартакиадасы аясында волейбол жарысы өтті. Жарыстың ашылу салтанатында  Жарқайың аудандық мәслихаттың төрағасы Асылхан Әлжанов сөз сөйледі.

Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесі мен аудандық кәсіподақ ұйымының бірлескен жоспарына сәйкес аудандық “Мұғалім-2026” спартакиадасы аясында мұғалімдер арасында волейболдан аудандық жарыс өткізілді.

Аталған спорттық шара А. Үкібаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі мен аудандық спорт кешені ғимаратында жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Жарыстың басты мақсаты – педагогтер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту және әріптестер арасындағы ынтымақтастықты нығайту.

Тартысты өткен жарысқа аудан мектептерінің мұғалімдер командалары қатысып, өзара жоғары дайындық пен спорттық шеберліктерін көрсетті.