Жарқайың ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысы өтті.

Жарқайың ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысы өтті.
2026 жылдың 14 қаңтарында аудандық аурухананың мәжіліс залында әкімнің орынбасары Арай Әбенованың төрағалығымен комиссияның жоспарлы отырысы өтті. Отырысқа аудандық мәслихаттың төрағасы Асылхан Әлжанов пен аудандық мәслихаттың депутаты Бибігүл Айтпаева қатысты.
Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды: Жарқайың ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кәмелетке толмағандар арасындағы бұзушылықтардың алдын алу жұмысының қорытындысы мен талдауы. Баяндамашы комиссия хатшысы Р. А. Бегалиева.
Жастар-ресурстық орталығының атқарған жұмыстары туралы ақпарат. Баяндамашы жетекшісі Ғазез А. З.
Ерте жүктіліктің алдын алу жұмыстары туралы. Баяндамашы бас дәрігер Семжанова Ж. А.
Отырыс қорытындысы бойынша тапсырмалар мен ұсынымдар берілді.