"Надежда" аудандық спартакиадасы өтті

"Надежда" аудандық спартакиадасы өтті
Жарқайың аудандық мәслихатының төрағасы А. Әлжанов Жарқайың ауданының зейнеткерлері мен мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы дәстүрлі аудандық "Надежда" спартакиадасына қатысты.
Спартакиаданың ашылуында аудандық мәслихаттың төрағасы А.Әлжанов, сондай-ақ ардагерлер кеңесінің төрағасы Ұ. Ахметова қатысушыларға құттықтау сөз сөйледі.
Жарыс қорытындысы бойынша аудандық мәслихат төрағасы А. Әлжанов дартс бойынша бірінші және үстел теннисінен ерлер арасында үшінші орынды иеленді.