Внеочередная пятьдесят восьмая сессия районного маслихата восьмого созыва.

Внеочередная пятьдесят восьмая сессия районного маслихата восьмого созыва.

2025 жылғы 7 қазанда сегізінші шақырылған аудандық мәслихаттың кезектен тыс елу сегізінші сессиясы өтті.

Сессияға аудандық мәслихаттың депутаттары, аудан әкімінің орынбасары А.Абенова ауыл, ауылдық округтердің әкімдері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Күн тәртібіндегі қаралған мәселе:

1. Жарқайың ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету мөлшері және қағидаларын бекіту туралы.

2. «Жарқайың ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Жарқайың аудандық мәслихатының 2023 жылғы 22 желтоқсандағы № 8С-19/3 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

3. «Жарқайың ауданы әкімінің жеке құрамын келісу туралы» аудандық мәслихаттың 2021 жылғы 14 сәуірдегі № 7С-8/4 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

4. «Жарқайың ауданы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы» Жарқайың аудандық мәслихатының 2024 жылғы 6 тамыздағы № 8С -31/2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Аудандық мәслихат депутаттары сессияның күн тәртібіндегі мәселе бойынша шешімді бірауыздан қабылдады.