Қабылдау барысында тұрғындар тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, аулаларды абаттандыру, жарықтандырудың болмауы және балалар ойын алаңдарын орнату мәселелері бойынша өтініш білдірді.
Әрбір өтінішке тиісті түсініктемелер беріліп, кейбір мәселелер депутаттың жеке бақылауына алынды.
Мұндай кездесулер халық пен жергілікті атқарушы органдар арасындағы ашық диалогты қамтамасыз етіп, тұрғындардың өзекті мәселелерін тиімді шешуге ықпал етеді.