Жарқайың аудандық мәслихатының кезектен тыс 52 сессиясы өтті.

Жарқайың аудандық мәслихатының кезектен тыс 52 сессиясы өтті.

2025 жылғы 9 шілдеде сегізінші шықырылған Жарқайың аудандық мәслихатының кезектен тыс 52 сессиясы өтті.

Сессия жұмысына аудан әкімінің орынбасары Ербол Мұқашев, аудандық бөлімдер мен басқарманың басшылары, БАҚ қатысты.

Аудандық мәслихат сессиясының күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:

  1. Жарқайың ауданында шетелдіктер үшін 2025 жылға арналған туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы комиссиясының құрамын бекіту туралы.
  1. Жарқайың ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібін және мөлшерін бекіту туралы.
  1. Жарқайың аудандық мәслихатының 2024 жылғы 23 желтоқсандағы № 8С-42/2 «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Аудандық мәслихат депутаттары сессияның күн тәртібіндегі қаралған мәселелер бойынша бірауыздан шешім қабылдады.