Ағымдығы жылдың 28 мамырда Депутаттық өкілеттік және этика, әлеуметтік сала және заңдылығы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысында "Пригородное ауылының инфрақұрылым объектілерінің аумағын көгалдандыру, абаттандыру және тазалықты сақтау жөніндегі ауыл әкімдігінің жұмысы туралы" мәселесі қаралды. Осы мәселе бойынша Пригородное ауылы әкімінің м.а., Г.Имишева баяндама жасады. Сондай-ақ, тұрақты комиссияның жұмыс тобының Пригородное ауылына шығу қорытындылары туралы жұмыс тобының мүшесі, жер қатынастары бөлімінің басшысы Б.Шонов сөз сөйледі.
Отырыс қорытындысы бойынша барлық ұсыныстар мен ұсынымдар аудандық мәслихаттың Депутаттық өкілеттік және этика, әлеуметтік сала және заңдылығы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының қаулысына енгізілді.