
2025 жылғы 28 мамырда сегізінші шақырылған аудандық мәслихаттың кезекті елуінші сессиясы өтті.
Сессияға Жарқайың ауданының әкімі Е.Жүсіпбеков, Ақмола облысының тексеру комиссиясының мүшесі А.Каркенов, облыстық мәслихаттың депутаты В.Камышанский, аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасарлары, Қоғамдық кеңес мүшелері, ауданның ұйымдары мен мекемелерінің басшылары, қала, ауыл және ауылдық округ әкімдері бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Күн тәртібінде мәселелер қаралды:
Аудандық мәслихат депутаттары сессияның күн тәртібі бойынша барлық шешімдерді бірауыздан қабылдады.