Сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы Жангелдин аудандық мәслихатының хабарламасы

Сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы Жангелдин аудандық мәслихатының хабарламасы

 

Сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы Жангелдин аудандық мәслихатының хабарламасы

 

 2025 жылғы 24 Желтоқсан

 

 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 10-бабына сәйкес (бұдан әрі – Конституциялық заң) Жангелдин аудандық мәслихаты сайлау комиссияларының мүшелерін  сайлау туралы жөнінде хабарлайды.

Әрбiр саяси партия тиiстi сайлау комиссиясының құрамына бiр кандидатура ұсынуға құқылы.

Сайлау комиссиясы құрамына ұсынылған тұлға Сайлау туралы Конституциялық заң талаптарына сәйкес келуі тиіс.

Саяси партиялар, басқа қоғамдық бiрлестiктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптастырылып жатқанға қатысты жоғары сайлау комиссиялары 2025 жылдың 26 желтоқсаны сағат 18.00 дейін мәслихатқа мына құжаттарды ұсынады:

1) белгіленген нысан бойынша сайлау комиссиялары құрамына кандидатуралар туралы мәліметті электрондық және қағаз түрінде;

2) саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдары (өкілдік) тиісті сайлау комиссиялары құрамына кандидатураларды ұсыну туралы жоғары тұрған сайлау комиссиясы шешімінен үзіндіні;

3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдікті)  тіркеу туралы құжат көшірмесін;

4) Кандидаттардың белгіленген нысан бойынша тиісті сайлау комиссиялары жұмысына қатысуға келісім беруі туралы өтініштері.

Анықтама телефоны: 21-7-40. Қостанай облысы,Жангелді ауданы,  Торғай ауылы,Ы.Алтынсарин көшесі 4, 41 каб.