Жаңасемей аудандық мәслихатының кезектен тыс он жетінші сессиясы.

Жаңасемей аудандық мәслихатының кезектен тыс он жетінші сессиясы.

 2025 жылдың 19 мамырында Жаңасемей аудандық мәслихатының кезектен тыс он жетінші сессиясының отырысы гибридті форматта өтті.

       Күн тәртібіне сәйкес келесі мәселелер қаралды:

  1. Жаңасемей ауданы әкімдігінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия туралы.
  2. Жаңасемей аудандық мәслихатының 2024 жылғы 28 тамызындағы № 10/51-VIII «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
  3. Абай облысы Жаңасемей аудандық маслихатының 2024 жылғы 30 желтоқсандағы №14/97-VIII «2025-2027 жылдарға арналған Жаңасемей ауданының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  4. Жаңасемей аудандық мәслихатының кезектен тыс он жетінші сессиясының отырысына үзіліс жасау туралы.
  5. Абай облысы Жаңасемей аудандық маслихатының 2025 жылғы 10 қаңтардағы №14/101-VIII «Абай облысы Жаңасемей ауданы Абралы ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  6. Абай облысы Жаңасемей аудандық маслихатының 2025 жылғы 10 қаңтардағы №14/104-VIII «Абай облысы Жаңасемей ауданы Алғабас ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  7. Абай облысы Жаңасемей аудандық маслихатының 2025 жылғы 10 қаңтардағы №14/106-VIII «Абай облысы Жаңасемей ауданы Достық ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  8. Абай облысы Жаңасемей аудандық маслихатының 2024 жылғы 10 қаңтардағы №14/107-VIII «Абай облысы Жаңасемей ауданы Ертіс ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  9. Абай облысы Жаңасемей аудандық маслихатының 2025 жылғы 10 қаңтардағы №14/108-VIII «Абай облысы Жаңасемей ауданы Қараөлең ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  10. Абай облысы Жаңасемей аудандық маслихатының 2025 жылғы 10 қаңтардағы №14/109-VIII «Абай облысы Жаңасемей ауданы Көкентау ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  11. Абай облысы Жаңасемей аудандық маслихатының 2025 жылғы 10 қаңтардағы №14/110-VIII «Абай облысы Жаңасемей ауданы Новобаженово ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы. 
  12. Абай облысы Жаңасемей аудандық маслихатының 2025 жылғы 10 қаңтардағы №14/112-VIII «Абай облысы Жаңасемей ауданы Приречный ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.  

          Жаңасемей ауданының бюджетіне өзгерістер енгізу туралы шешімі Эталондық бақылау банкінде жарияланғаннан кейін Жаңасемей ауданының ауылдық округтерінің бюджеттеріне өзгерістер қаралуына байланысты, мәслихаттың кезектен тыс он жетінші сессиясының отырысында күнтізбелік он бес күннен аспайтын мерзімге, үзіліс жасау туралы ұсыныс түсті.

       Сессияға дайындық кезеңінде мәслихаттың тұрақты комиссиясының отырысында депутаттар, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қатысуымен, күн тәртібіндегі мәселелерді қарап, талқылады. Депутаттар қойған барлық сұрақтарға бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінен түсініктемелерін алды.

       Ұсынылған материалдарды қарап, зерттеп,  депутаттар тиісті шешімдер қабылдады.