Жаңасемей аудандық мәслихатының тұрақты комиссиясының отырысы туралы

Жаңасемей аудандық мәслихатының тұрақты комиссиясының отырысы туралы

 2025 жылдың 19 мамырында гибридті форматта  Жаңасемей аудандық мәслихатының экономика мен бюджетті, агроөнеркәсіптік кешенді және экологияны, әлеуметтік саланы дамыту, депутаттық өкілеттіктер, әдеп және заңдылық  мәселелері  жөніндегі  тұрақты комиссиясының отырысы өтті.

Күн тәртібіне сәйкес қаралған сұрақтар:

  1. Жаңасемей ауданы әкімдігінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия туралы.
  2. Жаңасемей аудандық мәслихатының 2024 жылғы 28 тамызындағы № 10/51-VIII «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
  3. Абай облысы Жаңасемей аудандық маслихатының 2024 жылғы 30 желтоқсандағы №14/97-VIII «2025-2027 жылдарға арналған Жаңасемей ауданының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  4. Жаңасемей аудандық мәслихатының кезектен тыс он жетінші сессиясының отырысына үзіліс жасау туралы.
  5. Абай облысы Жаңасемей аудандық маслихатының 2025 жылғы 10 қаңтардағы №14/101-VIII «Абай облысы Жаңасемей ауданы Абралы ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  6. Абай облысы Жаңасемей аудандық маслихатының 2025 жылғы 10 қаңтардағы №14/104-VIII «Абай облысы Жаңасемей ауданы Алғабас ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  7. Абай облысы Жаңасемей аудандық маслихатының 2025 жылғы 10 қаңтардағы №14/106-VIII «Абай облысы Жаңасемей ауданы Достық ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  8. Абай облысы Жаңасемей аудандық маслихатының 2024 жылғы 10 қаңтардағы №14/107-VIII «Абай облысы Жаңасемей ауданы Ертіс ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  9. Абай облысы Жаңасемей аудандық маслихатының 2025 жылғы 10 қаңтардағы №14/108-VIII «Абай облысы Жаңасемей ауданы Қараөлең ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  10. Абай облысы Жаңасемей аудандық маслихатының 2025 жылғы 10 қаңтардағы №14/109-VIII «Абай облысы Жаңасемей ауданы Көкентау ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  11. Абай облысы Жаңасемей аудандық маслихатының 2025 жылғы 10 қаңтардағы №14/110-VIII «Абай облысы Жаңасемей ауданы Новобаженово ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  12. Абай облысы Жаңасемей аудандық маслихатының 2025 жылғы 10 қаңтардағы №14/112-VIII «Абай облысы Жаңасемей ауданы Приречный ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

 

    Күн тәртібіндегі мәселелерді талқылағаннан кейін тұрақты комиссия қаралған сұрақтарды Жаңасемей аудандық мәслихатының он жетінші кезектен тыс сессиясы отырысының қарауына енгізу туралы қаулы шығарды.