Жаңасемей аудандық мәслихат депутаттарының және аудан тұрғындарының назарларына.
2025 жылдың 19 мамырында сағат 15:30-да гибридті форматта Жаңасемей аудандық мәслихатының он жетінші кезектен тыс сессиясының отырысы өтеді.
Депутаттар мен шақырылғандарды тіркеу сағат 15:00-де басталады.
Ұсынылатын күн тәртібі:
- Жаңасемей ауданы әкімдігінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия туралы.
- Жаңасемей аудандық мәслихатының 2024 жылғы 28 тамызындағы № 10/51-VIII «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
- Абай облысы Жаңасемей аудандық маслихатының 2024 жылғы 30 желтоқсандағы №14/97-VIII «2025-2027 жылдарға арналған Жаңасемей ауданының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Әр түрлі.
Жаңасемей аудандық мәслихатының аппараты