2025 жылғы 27 наурызында Жаңасемей аудандық мәслихатының экономика мен бюджетті, агроөнеркәсіптік кешен мен экологияны, әлеуметтік саланы, депутаттық өкілеттіктерді, әдеп пен заңдылықты дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының көшпелі отырысы Приречный ауылдық округінің мәдениет үйінде өтті.
Күн тәртібіне келесі мәселелер енгізілді:
- 2024 жылғы аудандық бюджеттің атқарылуы туралы есеп.
- Кенттер мен ауылдық округтер әкімдерінің 2024 жылғы бюджеттерінің атқарылуы туралы есептері.
- Ауыл шаруашылығы құрылымдарын көктемгі егіс жұмыстарына дайындау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы.
- Абай облысы Жаңасемей ауданы Шаған кентінің шекарасын (шегін) бекіту туралы.
- Абай облысы Жаңасемей аудандық мәслихатының 2024 жылғы 10 қыркүйектегі №10/58- VIII «Абай облысы Жаңасемей ауданы аумағындағы жер қатынастары мәселелері жөніндегі аудандық комиссияның құрамы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Абай облысы Жаңасемей аудандық мәслихатының 2024 жылғы 28 қарашадағы № 12/70-VIII «Абай облысы Жаңасемей ауданының аудандық кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия құру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- «Абай облысы Жаңасемей аудандық учаскелік сайлау комиссияларының құрамына өзгерістер енгізу туралы» Жаңасемей аудандық мәслихатының 2024 жылғы 28 тамызындағы №10/53–VIII шешіміне өзгерістер енгізу туралы»
- Абай облысы Жаңасемей аудандық маслихатының 2024 жылғы 30 желтоқсандағы №14/97-VIII «2025-2027 жылдарға арналған Жаңасемей ауданының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Абай облысы Жаңасемей ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы.
Күн тәртібіндегі мәселелерді талқылағаннан кейін тұрақты комиссия оларды Жаңасемей ауданы мәслихатының он алтыншы кезекті сессиясының қарауына енгізу туралы қаулы шығарды.