Жергілікті қауымдастық мүшелерімен кездесу

Жергілікті қауымдастық мүшелерімен кездесу

Ағымдағы жылдың 3-4 маусым күндері Абай облысы Жаңасемей аудандық мәслихатының төрағасы Е. Абильмажинов пен аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Х. Сейтхасимов Алғабас, Қараөлең, Абыралы, Ақбұлақ, Айнабұлақ, Көкентау ауылдық округтеріне барып, жергілікті қауымдастық мүшелері алдында есеп беру кездесулерін өткізді. Бұл кездесулер жергілікті қауымдастықтармен бірлесіп жұмыс жасауды жандандыруға және алдағы уақытта да тығыз байланыста қызмет етуге бағытталған.