Бүгін аудандық мәслихаттың мәжіліс залында VIII шақырылымдағы кезектен тыс жиырма сегізінші сессиясы өз жұмысын аяқтады. Депутаттар аудан өмірі үшін маңызды бірқатар шешімдерді қарастырып, бекітті.
Сессия барысында келесі негізгі мәселелер талқыланды:
- Сайлау комиссияларының құрамы: Депутаттар Жаңасемей аудандық мәслихатының 2024 жылғы 28 тамызындағы №10/53–VIII «Абай облысы Жаңасемей аудандық учаскелік және округтік сайлау комиссияларын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізді. Бұл өзгерістер бұрынғы мүшелердің шығып қалуына байланысты жасалды. Ауданның учаскелік сайлау комиссияларының құрамына жаңа мүшелерді сайлау туралы шешім қабылданып, бұл комиссиялардың алдағы жұмысқа толық дайындығын қамтамасыз етеді.
- Жер комиссиясының құрамы: Сондай-ақ, мәслихаттың 2025 жылғы 8 қыркүйектегі №19/199-VIII «Жаңасемей аудандық жер комиссиясының құрамы туралы» шешіміне тиісті өзгерістер енгізілді. Отырыс барысында жер қатынастарын реттеу және комиссия жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында оның құрамы жаңартылды.
Күн тәртібіндегі барлық мәселелер егжей-тегжейлі талқыланып, тиісті шешімдер қабылданды.