Жаңасемей аудандық мәслихатының тұрақты комиссиясының отырысы.

Жаңасемей аудандық мәслихатының тұрақты комиссиясының отырысы.

2026 жылғы 07 сәурінде Жаңасемей аудандық мәслихатының экономика мен бюджетті, агроөнеркәсіптік кешен мен экологияны, әлеуметтік саланы, депутаттық өкілеттіктерді, әдеп пен заңдылықты дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті.

Күн тәртібіне келесі мәселелер енгізілді:

  1. 2025 жылғы аудандық бюджеттің атқарылуы туралы есеп.
  2. Кенттер мен ауылдық округтер әкімдерінің 2025 жылғы бюджеттерінің атқарылуы туралы есептері.
  3. Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі бөлімнің жұмысы туралы.
  4. Абай облысы Жаңасемей аудандық учаскелік және округтік сайлау комиссияларын сайлау туралы» Жаңасемей аудандық мәслихатының 2024 жылғы 28 тамызындағы №10/53–VIII шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Күн тәртібіндегі мәселелерді талқылағаннан кейін тұрақты комиссия оларды Жаңасемей аудандық мәслихатының жиырма жетінші кезекті сессиясының қарауына енгізу туралы қаулы шығарды.