
2026 жылғы 4 наурызда «Қазақтелеком» АҚ қызметкерлеріне арналған жаңа Конституцияны түсіндіру бағдарламасы аясында өңірлерді қосу арқылы республикалық телекөпір өтті.
Шарада «Қазақтелеком» АҚ Басқарма Төрағасы Бағдат Мусин ресми баяндама жасап, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев құттықтау сөз сөйледі. Конституциялық нормалар бойынша ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Үнзила Шапақ, Айдос Сарым, «Respublica» партиясының төрағасы Айдарбек Қожаназаров және Астана қаласы бойынша Жалпыұлттық коалиция жетекшісі Ерлан Каналимов түсіндірме берді.
Семей қаласындағы студиядан қалалық мәслихат депутаты Шолпан Мулдагалиева мен Семей қ. КҚҚ өкілі Т. Кабдулина сөз алды. Кездесу барысында түзетулердің әлеуметтік бағыты, әділеттілік қағидаттарын нығайту және құқықтық мемлекет құру мәселелеріне баса назар аударылды.