
Ағымдағы жылдың 4 наурызында Жаңасемей ауданының Мұқыр ауылында маңызды қоғамдық кездесулер өтті. Коалиция мүшелері Х. Сейітқасымов пен Г. Қасымжанова ауыл тұрғындары және ұстаздар қауымымен жүздесті.
Түскі сағат 11:00-де ауылдық кітапхананың оқу залында оқырмандармен «дөңгелек үстел» ұйымдастырылды. Шара барысында жаңа Конституцияның негізгі бағыттары мен алдағы референдумның маңызы талқыланды.
Күннің екінші жартысында, сағат 15:00-де коалиция мүшелері Түрксіб орта мектебінің ұжымымен кездесті. Ашық диалог форматында өткен жиында мұғалімдер мен тұрғындар елімізді дамытудағы құқықтық реформалардың рөлі туралы ақпарат алып, өздерін мазалаған сұрақтарға тұщымды жауап алды. Ауыл халқы алдағы саяси науқанның маңыздылығын сезініп, белсенділік танытты.