
15 наурызға белгіленген республикалық референдумға дайындық аясында штаб мүшелері мен Әуезов аудандық полиция бөлімінің өкілдері арасында жұмыс кездесуі өтті. Шараға штаб мүшелері Т.Д. Кабдулина мен Е.Т. Айтқожа қатысты.
Кеңес барысында дауыс беру күні қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, сайлау заңнамасының талаптарын сақтау және іс-қимылдарды үйлестіру мәселелері қаралды. Құқық бұзушылықтардың алдын алуға, азаматтардың сайлау құқықтарын қорғауға және жалған ақпараттың таралуына жол бермеу шараларына ерекше назар аударылды.
Кездесу қорытындысы бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимыл алгоритмдері мен жедел әрекет ету тәртібі айқындалды. Құқық қорғау органдары референдумның заңдылығын, ашықтығын және қауіпсіздігін қамтамасыз етуге дайын екендігін растады.