
Алдағы республикалық референдумды қолдау мақсатында құрылған аудандық коалиция мүшелері Х.Б. Сейтхасимов, Г.А. Қасымжанов және Е.Т. Айтқожа Жаңасемей ауданының Прииртышское ауылындағы тұрғындарымен кездесулерін жалғастыруда.
Кезекті кездесу «Птицефабрика» ЖШС ұжымымен өтті. Жиын барысында коалиция мүшелері референдумға шығарылатын мәселелердің мән-жайын түсіндіріп, оның еліміздің болашағы мен экономикалық тұрақтылығы үшін маңыздылығын атап өтті. Жұмысшылар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар беріліп, әрбір дауыстың маңызы зор екені айтылды.
Сапардың келесі бағыты Исадилов атындағы орта мектеп болды. Педагогикалық ұжыммен өткен ашық диалогта білім беру саласының қызметкерлері референдумның әлеуметтік маңызына тоқталды. Коалиция мүшелері Х.Б. Сейтхасимов, Г.А. Қасымжанов және Е.Т. Айтқожа мектеп ұжымын ел тағдыры шешілетін сәтте бейжай қалмай, азаматтық белсенділік танытуға шақырды.
Кездесу қатысушылары референдум – бұл халықтың өз болашағын айқындауға мүмкіндік беретін маңызды қадам екенін және мұндай кездесулердің ақпараттық маңызы жоғары екенін жеткізді.