
2026 жылғы 20 ақпанда Жаңасемей ауданы коалициясының мүшелері Приречное орта мектебінің ұжымымен, «Приречный» агрофирмасының қызметкерлерімен және Озерка ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Жүздесу барысында алдағы конституциялық реформа талқыланды.
Қатысушылар ел дамуының жаңа кезеңіне негіз болатын Ата Заңдағы түбегейлі өзгерістерді қарастырды.
Талқылаудың негізгі тезистері:
Кездесуге қатысушылар Конституция — әрбір қазақстандықтың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың берік іргетасы екенін атап өтті. Талқыланып жатқан бастамалар ашық әрі прогрессивті мемлекет құруды көздейді.