
Ертіс ауылдық округі, Мұқыр ауылында Жаңасемей ауданының, Қоғамдық кеңес төрағасы Сейтхасимов Хасен Бекенұлы референдумға байланысты ақпараттық-түсіндіру отырысын өткізді.
Жиын барысында тұрғындарға референдумның маңызы, өткізілу тәртібі және азаматтардың қатысу құқығы жөнінде кеңінен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мамандардан нақты жауаптар алды. Сонымен қатар, референдумға белсенді қатысудың ел дамуы үшін маңыздылығы атап өтілді.
Кездесу ашық форматта өтіп, тұрғындардың ұсыныс-пікірлері тыңдалды. Ұйымдастырушылар тарапынан заң талаптарын сақтау, ақпараттың ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету бағытында жұмыстар жалғасатыны айтылды.