ХАБАРЛАНДЫРУ Абай облысы Жаңасемей ауданының Қоғамдық кеңесінің құрамына мүшелерді сайлау бойынша қосымша конкурс өткізу туралы

ХАБАРЛАНДЫРУ Абай облысы Жаңасемей ауданының Қоғамдық кеңесінің құрамына мүшелерді сайлау бойынша қосымша конкурс өткізу туралы

                                                   ХАБАРЛАНДЫРУ

Абай облысы Жаңасемей ауданының Қоғамдық кеңесінің құрамына                мүшелерді сайлау бойынша қосымша конкурс өткізу туралы

                  Құрметті азаматтар және коммерциялық емес ұйымдар!!!

Абай облысы Жаңасемей ауданының Қоғамдық кеңесі «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңның 9 және 10-баптарына, Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ереженің 37-42 баптарына сәйкес, коммерциялық емес ұйымдар өкілдері мен азаматтар арасынан Жаңасемей ауданының Қоғамдық кеңесінің құрамына 5 кандидатты сайлау бойынша қосымша конкурс өткізілетінін хабарлайды.

Қосымша конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар мен коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері Қоғамдық кеңес мүшелерін іріктеу бойынша хабарландыру жарияланған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жергілікті өкілді органның мекенжайына қолма-қол немесе электрондық поштасына келесі құжаттарды өткізеді:

  1. Коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың Қоғамдық кеңес құрамына кандидатурасын ұсыну туралы өтініші;
  2. Кандидаттың өмірбаяндық деректері көрсетілген кәсіби және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;
  3. Соттылығының бар немесе жоқ екендігі туралы анықтама;
  4. Психикалық, мінез-құлықтық, соның ішінде психоактивті заттарды тұтынуға байланысты бұзылулардың (аурулардың) бар немесе жоқ екендігі туралы анықтама;
  5. Кандидаттың дербес деректерін жинауға, өңдеуге, таратуға және жариялауға келісімі.

Кеңес мүшелігіне кандидат жоғарыда көрсетілген тізімнің 3) және 4) тармақшаларында көзделген анықтамаларды өз бетінше немесе Кеңес құрылатын Агенттікке аталған анықтамаларды ақпараттық жүйелерден сұратуға жазбаша келісім беру арқылы ұсынады.

Қоғамдық кеңестің жаңа мүшелері қалған мерзімге сайланады.

Қоғамдық кеңестің негізгі құрамына кірмеген, бірақ қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес келетін азаматтар мен коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері Қоғамдық кеңестің «резервтік тізіміне» енеді.

Жоғарыда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімі: 2026 жылғы 04 наурызға дейін (қоса алғанда).

Құжаттарды мына мекенжайға тапсыру қажет: индекс 071400, Семей қаласы, Глинка көшесі, 73 «Г», сондай-ақ zhanasemeimaslihat@yandex.kz электрондық поштасына жолдауға болады.