Абай облысы Жаңасемей аудандық мәслихатының жиырма алтыншы кезектен тыс сессиясы.

Абай облысы Жаңасемей аудандық мәслихатының жиырма алтыншы кезектен тыс сессиясы.

2026 жылғы 16 ақпанда Жаңасемей аудандық мәслихатының жиырма алтыншы кезектен тыс сессиясы өтті.  

Сессия жұмысына 3 депутат қатысты.

Күн тәртібіне сәйкес келесі мәселелер қаралды:

  1. Жаңасемей ауданында коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі 2026-2030 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы.
  2. Абай облысы Жаңасемей ауданы әкімінің 2025 жылғы 27 наурыздағы №69 және Абай облысы Жаңасемей аудандық мәслихатының 2025 жылғы 27 наурыздағы №16/149-VIII «Абай облысы Жаңасемей ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы» бірлескен қаулысы мен шешімінің күшін жою туралы.
  3. «Абай облысы Жаңасемей аудандық учаскелік және округтік сайлау комиссияларын сайлау туралы» Жаңасемей аудандық мәслихатының 2024 жылғы 28 тамызындағы №10/53–VIII шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
  4. Абай облысы Жаңасемей ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы.

Ұсынылған материалдарды қарап, зерделегеннен кейін депутаттар тиісті шешімдер қабылдады.