ЖАҢАСЕМЕЙ АУДАНДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ТӨРАҒАСЫНЫҢ ҮНДЕУІ

ЖАҢАСЕМЕЙ АУДАНДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ТӨРАҒАСЫНЫҢ ҮНДЕУІ

Құрметті аудан тұрғындары!

Қазіргі таңда елімізде маңызды қоғамдық-саяси өзгерістер жүзеге асырылуда. Бұл реформалар мемлекетті басқаруды жетілдіруге, азаматтардың пікірін ескеруге және қоғам мен билік арасындағы өзара сенімді нығайтуға бағытталған.

Қоғамдық кеңес – халық пен мемлекеттік органдар арасындағы ашық диалог алаңы. Осы орайда біз барлық азаматтарды сабырлыққа, өзара құрметке және заң аясында белсенді азаматтық ұстаным танытуға шақырамыз. Қоғамдық келісім, бейбітшілік пен ұлтаралық татулық – ел дамуының басты кепілі.

Өзгерістер кезеңінде әрбір пікір маңызды. Сондықтан ұсыныстар мен ой-пікірлерді өркениетті түрде білдіріп, ел болашағы үшін ортақ жауапкершілікті сезіну – баршамыздың міндетіміз.

Қоғамдық кеңес алдағы уақытта да қоғам мүддесіне сай ашық, әділ әрі конструктивті жұмысын жалғастыра береді.

Бірлігіміз бекем, еліміз аман болсын!

Қоғамдық кеңес төрағасы

Х.Сейтхасимов