2026 жылдың 16 ақпанында сағат 15:00-да Жаңасемей аудандық мәслихатының жиырма алтыншы кезектен тыс сессиясының отырысы өтеді.
Өтетін орны: Глинки көшесі, 73Г, 3 қабат, мәжіліс залы.
Депутаттар мен шақырылғандарды тіркеу сағат 14:45-те басталады.
Ұсынылатын күн тәртібі:
- Жаңасемей ауданында коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі 2026-2030 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы.
- Абай облысы Жаңасемей ауданы әкімінің 2025 жылғы 27 наурыздағы №69 және Абай облысы Жаңасемей аудандық мәслихатының 2025 жылғы 27 наурыздағы №16/149-VIII «Абай облысы Жаңасемей ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы» бірлескен қаулысы мен шешімінің күшін жою туралы.
- «Абай облысы Жаңасемей аудандық учаскелік және округтік сайлау комиссияларын сайлау туралы» Жаңасемей аудандық мәслихатының 2024 жылғы 28 тамызындағы №10/53–VIII шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
- Әртүрлі.