Абай облысы Жаңасемей аудандық мәслихатының жиырма бесінші кезектен тыс сессиясы.

Абай облысы Жаңасемей аудандық мәслихатының жиырма бесінші кезектен тыс сессиясы.

          2025 жылғы 29 желтоқсанында Жаңасемей аудандық мәслихатының жиырма бесінші кезектен тыс сессиясы өтті.

          Сессия жұмысына 3 депутат қатысты.

          Күн тәртібіне сәйкес келесі мәселелер қаралды:

  1. Жаңасемей аудандық мәслихатының 2024 жылғы 10 қыркүйектегі № 10/59-VIII «Жаңасемей ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшерін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  2. Жаңасемей ауданы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2026-2030  жылдарға арналған жоспарды бекіту туралы
  3. Жаңасемей аудандық мәслихатының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы №23/281-VIII «Жаңасемей ауданының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы.
  4. Жаңасемей ауданының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы.

         Ұсынылған материалдарды қарап, зерделегеннен кейін депутаттар тиісті шешімдер қабылдады.