Жаңасемей аудандық мәслихатының тұрақты комиссиясының отырысы.

Жаңасемей аудандық мәслихатының тұрақты комиссиясының отырысы.

          2025 жылғы 29 желтоқсанында Жаңасемей аудандық мәслихатының экономика мен бюджетті, агроөнеркәсіптік кешен мен экологияны, әлеуметтік саланы, депутаттық өкілеттіктерді, әдеп пен заңдылықты дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті.

          Күн тәртібіне келесі мәселелер енгізілді:

  1. Жаңасемей аудандық мәслихатының 2024 жылғы 10 қыркүйектегі № 10/59-VIII «Жаңасемей ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшерін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  2. Жаңасемей ауданы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2026-2030  жылдарға арналған жоспарды бекіту туралы

          Күн тәртібіндегі мәселелерді талқылағаннан кейін тұрақты комиссия оларды Жаңасемей аудандық мәслихатының жиырма бесінші кезектен тыс сессиясының қарауына енгізу туралы қаулы шығарды.