2025 жылғы 18 желтоқсанында Жаңасемей аудандық мәслихатының жиырма үшінші кезекті сессиясы гибридті форматта өтті.
Сессия жұмысына 3 депутат қатысты.
Күн тәртібіне сәйкес келесі мәселелер қаралды:
- Жаңасемей ауданы әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі.
- Мәслихат қызметін ұйымдастыру бойынша атқарылған жұмыстар туралы Жаңасемей аудандық мәслихаты төрағасының есебі.
- Абай облысы Жаңасемей ауданының 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы.
- Абай облысы Жаңасемей аудандық мәслихатының 2026 жылға арналған жұмыс жоспары туралы.
- Жаңасемей аудандық мәслихатының 2024 жылғы 22 шілдедегі № 9/47-VIІI «Абай облысы Жаңасемей аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы.
- Абай облысы Жаңасемей аудандық маслихатының 2025 жылғы 8 қыркүйектегі №19/199-VIII «Жаңасемей аудандық жер комиссиясының құрамы туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
- Абай облысы Жаңасемей аудандық мәслихатының 2025 жылғы 10 қаңтардағы № 14/120-VIII «Абай облысы Жаңасемей ауданы әкімдігінің дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
- Абай облысы Жаңасемей аудандық мәслихатының 2024 жылғы 30 желтоқсандағы №14/97-VIII «2025-2027 жылдарға арналған Жаңасемей ауданының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Жаңасемей ауданының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы.
Ұсынылған материалдарды қарап, зерделегеннен кейін депутаттар тиісті шешімдер қабылдады.