Абай облысы Жаңасемей аудандық мәслихатының жиырма екінші кезектен тыс сессиясы.

Абай облысы Жаңасемей аудандық мәслихатының жиырма екінші кезектен тыс сессиясы.

2025 жылғы 27 қарашасында Жаңасемей аудандық мәслихатының жиырма екінші кезектен тыс сессиясы гибридті форматта өтті.

Сессия жұмысына 4 депутат қатысты.

Күн тәртібіне сәйкес келесі мәселелер қаралды:

  1. Жаңасемей ауданында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимі бойынша салықтарының мөлшерін төмендеу туралы
  2. Абай облысы Жаңасемей аудандық мәслихатының 2024 жылғы 30 желтоқсандағы №14/97-VIII «2025-2027 жылдарға арналған Жаңасемей ауданының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  3. Жаңасемей аудандық мәслихатының кезектен тыс жиырма екінші сессиясының отырысына үзіліс жасау туралы.

Жаңасемей ауданының ауылдық округтері мен кенттерінің бюджеттеріне өзгерістер мәслихаттың эталондық бақылау банкінде Жаңасемей ауданының бюджетіне өзгерістер енгізу туралы шешімі жарияланғаннан кейін қаралуына байланысты, мәслихаттың жиырма бірінші кезектен тыс сессиясының отырысында күнтізбелік он бес күннен аспайтын мерзімге үзіліс жасау туралы ұсыныс түсті.

Мәслихаттың тұрақты комиссиясының отырысында, кезектен тыс сессияға дайындық кезеңінде, депутаттар бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қатысуымен күн тәртібіндегі бірқатар мәселелерді қарады және талқылады. Депутаттар қойған барлық сұрақтарға баяндамашылар түсініктеме берді. 

Ұсынылған материалдарды қарап, зерделегеннен кейін депутаттар тиісті шешімдер қабылдады.