Оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимі мөлшерлемесін төмендету мәселесі талқыланды

Оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимі мөлшерлемесін төмендету мәселесі талқыланды

Ағымдағы жылдың 28 қазан күні Жаңасемей аудандық мәслихатының ұйымдастыруымен оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимі мөлшерлемесін 4%-дан 2%-ға дейін төмендету мәселесі бойынша отырыс өтті.

Отырысқа Жаңасемей аудандық мәслихатының төрағасы, Абай облысының Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары, Жаңасемей ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы, Жаңасемей ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысы, Жаңасемей ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің маманы, сондай-ақ аудан кәсіпкерлері қатысты.

Кездесу барысында арнаулы салық режимі мөлшерлемесін төмендетудің маңыздылығы мен оның шағын және орта бизнеске тигізетін ықпалы талқыланып, қатысушылар тарапынан бірқатар ұсыныстар мен пікірлер айтылды.