Абай облысы Жаңасемей аудандық мәслихатының жиырмасыншы кезекті сессиясы.

Абай облысы Жаңасемей аудандық мәслихатының жиырмасыншы кезекті сессиясы.

2025 жылғы 30 қыркүйекте Жаңасемей аудандық мәслихатының жиырмасыншы кезекті сессиясы гибритті форматта өтті.

Сессия жұмысына 4 депутат қатысты. Күн тәртібіне сәйкес 8 мәселе қаралды.  

  1. Тұрғын үй-коммуналдық қызметтерді, жылумен жабдықтаушы ұйымдарды, тұрғын үй қорын және әлеуметтік-мәдени мақсаттағы объектілерді жылыту маусымына дайындау туралы.
  2. Жазғы кезеңде балалардың жазғы демалысын, сауықтырылуын ұйымдастыру туралы есебі.
  3. Аудандық мәслихаттың даму саласындағы экономика және бюджет, агроөнеркәсіптік кешен және экология, әлеуметтік сала, депутаттық өкілеттіктер, әдеп және заңдылық мәселелері бойынша тұрақты комиссиясының есебі.
  4. Достық ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі.
  5. Жиенәлі ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі.
  6. Ертіс ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі.
  7. Қараөлең ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі.
  8. Көкентау ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі.

Депутаттар қойған барлық сұрақтарға баяндамашылар түсініктеме берді. 

Ұсынылған материалдарды қарап, зерделегеннен кейін депутаттар тиісті шешімдер қабылдады.