Жаңасемей аудандық мәслихат депутаттарының және аудан тұрғындарының назарларына.
2025 жылдың 8 қыркүйегінде сағат 15:30-де гибридті форматта Жаңасемей аудандық мәслихатының он тоғызыншы кезектен тыс сессиясының отырысы Семей қаласы, Глинки көшесі 73 Г мекен жайында өтеді.
Депутаттар мен шақырылғандарды тіркеу сағат 15:15-те басталады.
Ұсынылатын күн тәртібі:
- Жаңасемей ауданының кент және ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы.
- «Абай облысы Жаңасемей аудандық учаскелік және округтік сайлау комиссияларын сайлау туралы» Жаңасемей аудандық мәслихатының 2024 жылғы 28 тамызындағы №10/53–VIII шешіміне өзгерістер енгізу туралы»
- Абай облысы Жаңасемей аудандық маслихатының 2024 жылғы 30 желтоқсандағы №14/97-VIII «2025-2027 жылдарға арналған Жаңасемей ауданының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Әр түрлі
Жаңасемей аудандық мәслихатының аппараты