Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы заңына сәйкес 2025 жылдың 31 шілдесінен бастап Нұржан Оразбекұлы Әбдікәрімов Жаңасемей ауданының әкімі болып сайланды.
Облыс әкімі Берік Уәли бүгін оны аудан активіне таныстырды.
2025 жылдан бастап Сайлау туралы заңға сәйкес облыстық маңызы бар қала, аудан әкімдерін халық өзі, тікелей дауыс беру арқылы сайлай алады.
Аймақ басшысы Жаңасемей ауданына әкім болып сайланған Нұржан Оразбекұлының тәжірибесі мол, білікті басшы екенін атап өтті.