2025 жылдың 27 маусымында Жаңасемей аудандық мәслихатының кезекті он сегізінші сессиясының отырысы гибридті форматта өтті.
Күн тәртібіне сәйкес келесі мәселелер қаралды:
- Жаңасемей ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің халықтың әлеуметтік осал топтарымен жұмысы туралы.
- Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді тиімді пайдалану туралы.
- Жастардың бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру бойынша мәдениет мекемелерінің жұмысы туралы.
- Жаңасемей ауданы бойынша 2025 жылға өзіндік кірістің түсу болжамы, ең ірі салық төлеушілердің тізімі және төлейтін салықтардың көлемі, қосымша кіріс көзін іздестіру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы.
- Жаңасемей ауданының өнеркәсіп саласы көрсеткіштерінің орындалуы туралы.
- Абыралы ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі.
- Айнабұлақ ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі.
- Ақбұлақ ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі.
- Алғабас ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі.
- «Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының құрамын қалыптастыру туралы» Жаңасемей аудандық мәслихатының 2024 жылғы 29 наурыздағы №6/21–VIII шешіміне өзгерістер енгізу туралы»
- «Абай облысы Жаңасемей аудандық учаскелік сайлау комиссияларының құрамына өзгерістер енгізу туралы» Жаңасемей аудандық мәслихатының 2024 жылғы 28 тамызындағы №10/53–VIII шешіміне өзгерістер енгізу туралы»
- «Абай облысы Жаңасемей аудандық маслихатының 2024 жылғы 30 желтоқсандағы №14/97-VIII «2025-2027 жылдарға арналған Жаңасемей ауданының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы»
Депутаттар қойған барлық сұрақтарға бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінен түсініктемелерін алды. Ұсынылған материалдарды қарап, зерттеп, депутаттар тиісті шешімдер қабылдады.