2025 жылғы 27 маусымында Жаңасемей аудандық мәслихатының экономика мен бюджетті, агроөнеркәсіптік кешен мен экологияны, әлеуметтік саланы, депутаттық өкілеттіктерді, әдеп пен заңдылықты дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы гибридті форматта өтті.
Күн тәртібіне келесі мәселе енгізілді:
Абай облысы Жаңасемей аудандық маслихатының 2024 жылғы 30 желтоқсандағы №14/97-VIII «2025-2027 жылдарға арналған Жаңасемей ауданының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Күн тәртібіндегі мәселені талқылағаннан кейін тұрақты комиссия Жаңасемей аудандық мәслихатының он сегізінші кезекті сессиясының қарауына енгізу туралы қаулы шығарды.