Жаңақорған ауданының Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау жөнінде конкурс өткізу туралы хабарландыру
«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы №383-V Заңына және «Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы №69 бұйрығына сәйкес Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау жөніндегі конкурс өткізілетіндігін хабарлайды.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттарға қойылатын талаптар:
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері Қоғамдық кеңес мүшелерін іріктеу жөніндегі конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен кейін он жұмыс күні ішінде хабарландыруда көрсетілген мынадай құжаттарды қолма-қол береді немесе мемлекеттік органның, квазимемлекеттік сектор субъектісінің немесе жергілікті өкілді органның электрондық мекенжайына:
1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысын және (немесе) азаматтың өтінішін;
2) өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;
3) сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтама;
4) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама;
5) кандидаттың дербес деректерін жинауға, өңдеуге, таратуға және жариялауға келісімді жібереді.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) және 4) тармақшаларында көзделген анықтамаларды өз бетінше немесе өзінің қатысуымен Қоғамдық кеңес құрылатын мемлекеттік органның немесе квазимемлекеттік сектор субъектісінің көрсетілген анықтамаларды ақпараттық жүйелерден талап етіп алдыруына жазбаша келісуі арқылы ұсынады.
Сонымен қатар, Қоғамдық кеңестің құрамынан шығып қалған мүшелерін алмастыру мақсатында Қоғамдық кеңестің құрамына кірмеген азаматтық қоғам өкілдері қатарынан Қоғамдық кеңеске кандидаттардың резервтік тізімі қалыптастырылады.
Құжаттарды қабылдау мекен-жайы:
1) Жергілікті өкілді органның атауы: «Жаңақорған ауданы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі,
2) Құжаттар жіберілетін пошта: 120300, Жаңақорған кенті, Манап Көкенов көшесі №33 үй (аудан әкімі аппаратының ғимараты, 1-ші қабаттың оң жақ қанаты),
Электрондық мекен-жайы: Maslixat.kz@mail.ru ,
3) Қоғамдық кеңес құрамында Жаңақорған ауданының мәслихатынан өкілдік ететін мүшелер саны 3 және азаматтық қоғамнан өкілдік ететін мүшелер саны 11, барлығы 14 болып белгіленді.
Мәслихат аппаратының келесі телефондары арқылы анықтама алуға болады: Ұялы тел.: 87021879651, жұмыс тел. (8 72435) 22606; 22434.
Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмысшы тобы
Ескерту: Жаңақорған тынысы газетіне №15 (8829) 25 ақпан, сейсенбі 2025 жыл хабарландыру жарияланған.