«Жаңақорған ауданы мәслихаты төрағасының 2025 жылғы 28 қаңтардағы №4 өкімімен Жаңақорған ауданының мәслихатынан өкілдік ететін бір мүшеден және азаматтық қоғамнан өкілдік ететін екі мүшеден, барлығы 3 мүшеден тұратын Жаңақорған ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы құрылады.
Осыған орай, жұмыс тобының азаматтық қоғамнан өкілдік ететін мүшелерін іріктеу жөніндегі конкурс өткізіледі.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері жұмыс тобының мүшелерін іріктеу жөніндегі конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде хабарландыруда көрсетілген мынадай құжаттарды қолма-қол Жаңақорған ауданы мәслихаты аппаратына береді не электрондық поштасына жібереді:
1) кандидатураны жұмыс тобының құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысын және (немесе) азаматтың өтінішін;
2) өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;
3) сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтама;
4) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама;
5) кандидаттың дербес деректерін жинауға, өңдеуге, таратуға және жариялауға келісімді жібереді.
Жұмыс тобының мүшелігіне кандидат осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) және 4) тармақшаларында көзделген анықтамаларды өз бетінше немесе өзінің қатысуымен Қоғамдық кеңес құрылатын мемлекеттік органның немесе квазимемлекеттік сектор субъектісінің көрсетілген анықтамаларды ақпараттық жүйелерден талап етіп алдыруына жазбаша келісуі арқылы ұсынады.
Сонымен қатар, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, мемлекеттік органдардың және халықаралық ұйымдардың өкілдері болып табылатын дауыс беру құқығы жоқ байқаушылар жұмыс тобының отырыстарына қатысуға жіберіледі.
Осыған орай, жұмыс тобының отырысына байқаушы ретінде қатысу үшін байқаушы болуға ниет білдірген адам осы Үлгілік ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурсқа байқаушы ретінде қатысуға өтінішті Жаңақорған ауданы мәслихаты аппаратына береді не электрондық поштасына жібереді.
Жаңақорған ауданы мәслихатының аппараты орналасқан жері – Жаңақорған кенті, М.Көкенов көшесі, №33 үй (аудан әкімі аппаратының ғимараты, 1-ші қабаттың оң жақ қанаты).
Электрондық мекенжай: Maslixat.kz@mail.ru
Мәслихат аппаратының келесі телефондары арқылы анықтама алуға болады: Ұялы тел.: 87021879651, жұмыс тел. (8 72435) 22606; 22434.
Ескерту: Жаңақорған тынысы газетіне №10 (8824) 8 ақпан, сенбі 2025 жыл хабарландыру жарияланған.