Сегізінші шақырылымдағы аудан мәслихатының бірінші сессиясында мәслихат төрағасына ұсынылған кандидаттарды сайлау ашық дауыс беру арқылы өтті.
Аудандық мәслихат депутаттарының ашық дауыс беру нәтижесімен Сопбеков Ғалымжан Жарқынбекұлы аудан мәслихатының төрағасы болып қайта сайланды. Төраға Ғалымжан Жарқынбекұлы жаңадан сайланған халық қалаулыларына құттықтауын айтып, мәслихаттың атқаратын жұмыстары мен алдағы жоспарлары туралы бөлісті.
Сайлаушылардың аманаттары мен ауданымыздың дамуына ат салысуға бар күш жігерлерін, білімі мен тәжірибелерін халқымыздың игілігі үшін жұмсауға шақырды.
Сопбеков Ғалымжан Жарқынбекұлы 1978 жылы 28 шілдеде Жаңақорған ауданында, Ақжол ауылында дүниеге келген.
2000 жылы Алматы қаласында Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін «Егін шаруашылығының ғалым агрономы» мамандығын алып бітірген
Еңбек жолы:
2000-2001 жж - «Көктем» ЖШС-ның менеджері;
2001-2002 жж - «Казагрэкс» РМК-сының Қызылорда облыстық филиалының бас маман-технологы;
2002-2003 жж - «Фитосанитария» РМК Қызылорда облыстық филиалының маманы;
2003-2004 жж - «Қазагрэкс» АҚ-сының Қызылорда облыстық филиалының маманы, бас маманы;
2004-2008 жж - «Қазагрэкс» АҚ-сының бас маман-методисі, ҚР АШМ Қызылорда облыстық аумақтық басқармасының астық және тұқым инспекциясы бөлімінің жетекші маманы, бас маманы;
2008-2009 жж - облыс әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы;
2009-2014 жж - ҚР АШМ АӨҚ МИК Қызылорда облыстық аумақтық инспекциясы өсімдіктер қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекция бөлімінің жетекші маманы, бас маманы, бөлім бастығы;
2014-2015 жж - Қызылорда қаласының ауылшаруашылығы және ветеринария бөлімінің басшысы;
2015 жылы Қызылорда қалалық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы;
2015- 2021 жж - Жаңақорған ауданы әкімінің орынбасары;
2021-19.01.2023 жж – Жаңақорған ауданы мәслихатының хатшысы.
2023 жылдың наурыз айының 30 жұлдызынан бастап аудан мәслихатының төрағасы қызметіне кірісті.
Ғалымжан Жарқынбекұлы алдағы жұмысыңызға сәттілік тілейміз!