Құрметті жерлестер!
Сіздерді 9 Мамыр – Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл – халқымыздың ерлігі мен батырлығын, Отанға деген шексіз сүйіспеншілігін айғақтайтын қастерлі мереке. Екінші дүниежүзілік соғыстың от-жалыннан аман өткен ардагерлеріміздің, тыл еңбеккерлерінің алдында бас иеміз. Олардың ерлігі – мәңгі ұмытылмас үлгі, ал батырлық дәстүрі – ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын рухани мұра.
Бүгінгі бейбіт өмір – сол қаһарман аталарымыз бен әжелеріміздің жанқиярлық ерлігінің жемісі. Сондықтан Жеңіс күнін әрдайым құрметтеп, ардагерлерімізге ерекше қамқорлық көрсету – баршамыздың азаматтық борышымыз.
Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, елімізге тыныштық пен береке тілейміз!