
Облыстық мәслихаттың агроөнеркәсіпті дамыту, экология және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының кезекті төртінші мәжілісінде «Орман және жануарлар дүниесін күзетудi, қорғауды, молықтыру мен орман өсiрудi ұйымдастыру және қамтамасыз ету бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы» және «Облыстағы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының еңбек нарығында сұранысқа ие білікті кадрларды даярлау мен түлектерін жұмыспен қамтуды іске асыру мәселелері туралы» мәселелері талқыланды.
Тұрақты комиссия отырысына облыстық мәслихаттың депутаттары, аудан әкімдерінің орынбасарлары мен бөлім басшылары, облыс әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу және білім басқармаларының басшыларының орынбасарлары, облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшылығы, облыстық табиғатты қорғау полиция тобының басшысы, облыстық білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің өкілі, ауыл шаруашылығы мамандарын дайындайтын колледждер басшылары мен ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніңдегі мекемесінің директорлары қатысты.
Осы аталған мәселелер бойынша депутаттық жұмыс тобы 04-12 желтоқсан аралығында Жуалы, Қордай, Мойынқұм, Т.Рысқұлов, Меркі және Шу аудандарында зерделеу жұмыстарын жүргізді. Зерделеу жұмыстары барысында облыстың орман қоры аумағында 79 дана қызметтік үй (кордон) болуы тиіс болса, қолданыстағы 40 қызметтік үйлердің барлығы, олардың тозығы жетіп күрделі жөндеуді қажет етіп отырғандығы анықталды. Одан бөлек қосымша 39 жаңа қызметтік үй (кордон) салу қажет.
Сонымен қатар облыс әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына бағынысты ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемелерін мемлекеттік орман қорын қорғау және күзет, сонымен қатар, ормандарды өсіру және молайту жұмыстарына қажетті іс-шаралар үшін тұқым себетін және уақытша тұқымбаққа тұқым себетін агротехникалар, шынжыр табанды тракторлар, өрт сөндірушілерді тасымалдайтын автокөлік, жол талғамайтын автокөліктер және қасақылықтың алдын алуға реттік іс шаралар жүргізуге ұшқызсыз ұшу Дрон аппаратының қажеттілігі туындап отыр. Сонымен бірге жер жырту, тұқым себу, көшет отырғызу жұмыстары кезінде орманшы-қорықшыларға азық-түлікке қаражат бөлу және орман өртін сөндіру жасақшыларына кезекті еңбек демалысына шыққан кезде бір айлық жалақы көлемінде сауықтыру жәрдем ақысын беру мәселесі түпкілікті шешімін табуы тиіс.
Заңсыз аң және балық аулап жүрген азаматтарды анықтау мақсатында бүгінгі таңда табиғатты қорғау полиция тобының қызметкерлерінің материалдық-техникалық базасын жақсарту және жетілдіру қажетігі туындап отыр. Атап айтқанда түнгі көру құрылғысы, (прибор ночного видения, тепловизор), дүрбі, дрон құралдарымен қамтамасыз ету қажет. Себебі көбінесе заңсыз аң және балық аулау түнгі мезгілде орын алуда. Ал таулы және құмды аумақтарды аралау дронсыз өте қиын. Сонымен қатар қазіргі уақытта қасақы аңшылар жылдамдығы жоғары, арнайы аңшылық жасайтын жол талғамайтын көліктермен аң аулауда. Осыған орай Табиғатты қорғау полиция тобын жоғары санаттағы жол талғамайтын автокөліктермен қамтамасыз ету қажеттігі туындап отырғандығы анықталды.
Келесі кезекте облыстағы ауыл шаруашылығы бағытында мамандар даярлайтын колледждерде ауыл шаруашылығы мақсатындағы суармалы жерлер жетіспеушілігі, Қордай ауылшаруашылық колледжі мен Мойынқұм колледждерінің ғимараттарына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу, №9 Меркі колледжіне жатақхана салу, №7 Бетқайнар колледжі жатақханасының 3 және 4 қабаттарын күрделі жөндеу жұмыстарының жобалық-сметалық құжаттамасын дайындау және колледждердің химия, физика, биология пәндерінің зертханаларын жаңарту мәселері көтерілді. Облыстағы 45 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында (20 мемлекеттік, 25 жекеменшік) 26 484 студент білім алса, 16 064 (60%) мемлекеттік білім тапсырысы аясында білім алуда. 2022 жылы барлығы 5921 түлектің 4679 (79%) қамтылса, мемлекеттік тапсырыс негізінде 3627 түлектің 3018 (83,2%) құраған. 2022 жылы 432 студент үздік оқуын аяқтаған. Олардың 364 (84,2%) жұмыспен қамтылған. Зейнетақы төлеу орталығының мәліметіне сәйкес жалпы 5921 түлектің 3651 (61,5%) тұрақты жұмыспен қамтылса, мемлекеттік тапсырыс негізінде бітірген 3627 түлектің 3018-і (83,2%) жұмыспен қамтылған.
Сондай-ақ, Жамбыл облысының білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің өкілі Ж.Атенов, облыс әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Н.Егембердиев, облыс әкімдігінің білім басқармасы басшысының орынбасары М.Нысанбаев, облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бөлім басшысы Е.Алимқұлов және облыстық полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасының табиғатты қорғау полиция тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы, полиция майоры Е.Исмаилов атқарылған жұмыстар бойынша баяндама жасап, депутаттар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
Облыстық мәслихаттың агроөнеркәсіпті дамыту, экология және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Б.Ералиев комиссия отырысының жұмысын қорытындылай келе, зерделеу жұмыстары барысында анықталған негізгі мәселелер бойынша тиісті мемлекеттік органдарға депутаттық сауалдар жолданатынын және комиссия отырысы бойынша қабылданған қаулы бақылауда болатындығын атап өтті.