Жамбыл облыстық мәслихаты депутаттарын сайлауы жөніндегі округтік сайлау комиссияларының босаған орындарын қалыптастыру жөнінде хабарлайды

Жамбыл облыстық мәслихаты депутаттарын сайлауы жөніндегі округтік сайлау комиссияларының босаған орындарын қалыптастыру жөнінде хабарлайды

Саяси партиялардың және өзге де қоғамдық

бірлестіктердің, олардың құрылымдық

бөлімшелерінің  назарына

 

 

Жамбыл облыстық мәслихатының

ХАБАРЫ

 

            Жамбыл облыстық мәслихаты Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 10-бабына сәйкес бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Қазақстан Республикасы Құрылтайының және Жамбыл облыстық мәслихаты депутаттарын сайлауы жөніндегі округтік сайлау комиссияларының босаған орындарын қалыптастыру жөнінде хабарлайды.

 

 

р/с

№

Комиссия атауы және мекен-жайы

Сайлау комиссиясы мүшелерінің саны

1.

Жамбыл облыстық мәслихаты депутаттарын сайлауы жөніндегі № 2 сайлау округі округтік сайлау комиссиясы - (Тараз қаласы, "Бәйтерек" шағын ауданы 44, "Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының Тараз қаласы білім бөлімінің №3 мектеп-лицейі" КММ).

1

2.

Жамбыл облыстық мәслихаты депутаттарын сайлауы жөніндегі №3 округтік сайлау комиссиясы – (Тараз қаласы, "Самал" шағын ауданы 3Б, "Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының Тараз қаласы білім бөлімінің Б.Момышұлы атындағы №45 қазақ классикалық гимназиясы" КММ).

 

1

3.

Жамбыл облыстық мәслихаты депутаттарын сайлауы жөніндегі №4 округтік сайлау комиссиясы – (Тараз қаласы,"Жайлау" шағын ауданы 25В, "Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының Тараз қаласы білім бөлімінің №35 орта мектебі" КММ).

1

4.

Жамбыл облыстық мәслихаты депутаттарын сайлауы жөніндегі №5 округтік сайлау комиссиясы – (Тараз қаласы, Пушкин көшесі 15, "Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының Тараз қаласы білім бөлімінің Ә.Бөкейханов атындағы №1 гимназиясы" КММ).

1

5.

Жамбыл облыстық мәслихаты депутаттарын сайлауы жөніндегі №7 округтік сайлау комиссиясы – (Тараз қаласы, №091 есеп кварталы, 6 жер учаскесі, "Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының Тараз қаласы білім бөлімінің № 61 орта мектебі" КММ).

1

6.

Жамбыл облыстық мәслихаты депутаттарын сайлауы жөніндегі №13 округтік сайлау комиссиясы –  (Меркі ауданы Меркі ауылы, Исмаилов көшесі, 169, "Жастар ресурстық орталығы" КММ).

 

1

7.

Жамбыл облыстық мәслихаты депутаттарын сайлауы жөніндегі №14 округтік сайлау комиссиясы –  (Мойынқұм ауданы Мойынұм ауылы, Амангелді көшесі №147, Мойынқұм ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ғимараты.).

 

1

 

8.

 

 

Жамбыл облыстық мәслихаты депутаттарын сайлауы жөніндегі №15 округтік сайлау комиссиясы –  (Сарысу ауданы Жаңатас қаласы 3 шағын ауданы 45 үй, аудандық мәдениет үйі.).

 

2

9.

Жамбыл облыстық мәслихаты депутаттарын сайлауы жөніндегі №16 округтік сайлау комиссиясы –  (Талас ауданы Қаратау қаласы, Саңырақ батыр көшесі, 25, «Балалар өнер мектебі»).

 

3

10.

Жамбыл облыстық мәслихаты депутаттарын сайлауы жөніндегі №18 округтік сайлау комиссиясы –  (Шу ауданы, Төле би ауылы, УАШ АСАТУЛЫ көшесі 3, Шу ауданы әкімдігінің тұрғын үй -коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің "Төле би мамандандырылған көпсалалы кәсіпорны" ШЖҚ КММ).

 

1

 

Сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі бес жылды құрайды.

Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.

Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.

Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.

Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптастырылушы комиссияларға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары
2026 жылғы 28 қыркүйектен 12 қазанға дейін мәслихатқа келесі құжаттарды тапсырады:

1) белгіленген нысан бойынша сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы электрондық және қағаз форматтағы мәліметтер (2-қосымша);

2) тиiстi сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бiрлестiктiң немесе олардың филиалдарының (өкiлдiктерiнiң) шешiмi, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешiмiнен үзiндi көшiрме;

3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;

4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беру туралы белгіленген нысан бойынша өтініштері (1-қосымша).

Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің нысандары, сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы кандидаттардың өтініштері мәслихат сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zhambyl?lang=kk орналастырылған.

            Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс.

Сайлау комиссиясының мүшесi осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында тұруға тиiс.

Сайлау комиссияларының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.

Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөр басылуы және орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс.

            Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2026 жылғы 28 қыркүйектен 12 қазанға дейін, дүйсенбі - жұма күндері 09:00-18:30 сағат аралығында жүргізіледі, үзіліс сағат 13: 00-ден 14: 30-ге дейін жүзеге асырылады.

 

Белгіленген мерзімнен кейін түскен құжаттар қарауға жатпайды.

Жамбыл облыстық мәслихатының төрағасы - А.Т.Нұралиев.

Мәслихаттың орналасқан жері: Тараз қаласы, Абай көшесі, 125 үй.

Жауапты адам – Байшекеев Рустем Доскумбаевич, каб. № 306, қызметтік телефоны: (87262) 437051, ұялы телефоны: 8 702 991 62 52