
Құрметті жамбылдықтар!
Сіздерді келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Өтіп бара жатқан жыл ел өмірінде елеулі оқиғаларға, маңызды шешімдер мен игі істерге толы болды. Бірлік пен өзара түсіністіктің арқасында өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған көптеген жұмыстар атқарылды.
Жаңа жыл – жаңа үміттердің, тың бастамалар мен жарқын жоспарлардың бастауы. Алдағы жылда да халықтың әл-ауқатын арттыру, елдің тұрақты дамуын қамтамасыз ету жолындағы бірлескен еңбегіміз жалғасын табады деп сенеміз.
Жаңа жыл әр шаңыраққа береке мен ырыс, тыныштық пен татулық, денсаулық пен молшылық әкелсін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, ортақ мақсаттарымыз орындалғай!
Жаңа жыл құтты болсын!